ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару негіздері

ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару негіздері

Салық төлеуші Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес келесі жағдайларда қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша тіркеу есебінен шығарылады:
⚡️Жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен арнаулы салық режиміне көшкен кезде.
⚡️Салық төлеушінің қызметі тоқтатылған немесе таратылған кезде;
⚡️Банкроттық салдарынан қызметін тоқтату немесе тарату жағдайында;
⚡️Заңды күшіне енген сот актісімен дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу жарамсыз деп танылған жағдайда;

⚡️Заңды тұлғалар бірігу, қосылу немесе бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда.
Осы аталған негіздер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығаруға негіз болып табылады.