
Брифингте Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Кедендік әкімшілендіру басқармасының басшысы Маликов Серік Мелдеханұлы «KEDEN» ақпараттық жүйесінің негізгі мүмкіндіктері мен артықшылықтарына тоқталып, кедендік әкімшілендіруді цифрландыру бағытындағы жаңашылдықтарды таныстырды.
Сондай-ақ кеден саласындағы цифрлық трансформацияның негізгі бағыттары мен жаңа жүйенің бизнес үшін тиімділігі түсіндірілді. Кездесу соңында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берілді.