Мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық сервистері – азаматтар мен бизнеске қолжетімді

Мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық сервистері – азаматтар мен бизнеске қолжетімді

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтар мен кәсіпкерлер үшін мемлекеттік қызметтер мен қажетті ақпаратқа онлайн қолжетімділікті қамтамасыз ететін цифрлық сервистердің дамуы жалғасып жатқанын хабарлайды.

Бүгінде портал арқылы мемлекеттік кірістер органдарына бармай-ақ салық төлеушілер мен контрагенттер туралы мәліметтерді тексеруге, ҚҚС төлеушілері жөніндегі ақпаратты алуға, салық режимдерін және БКМ тіркелуін тексеруге, салық берешегі туралы мәліметтерді көруге, салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді онлайн төлеуге болады.

Сондай-ақ пайдаланушылар кезекті онлайн брондау, салықтар мен өсімпұлдарды есептеу калькуляторлары, кедендік төлемдерді алдын ала есептеу және Салық кодексі бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар сервистерін пайдалана алады.

Порталда мемлекеттік қызметтерді алу және салық міндеттемелерін орындау үшін қажетті өзекті салықтық есептілік пен өтініш нысандары орналастырылған.

Қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Портал беттерінде QR-кодтар енгізілген. Олар арқылы пайдаланушылар сервистердің жұмысын бағалап, ұсыныстар мен пікірлерін жолдай алады.

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтар мен бизнес өкілдерін мемлекеттік қызметтерге жылдам әрі ыңғайлы қол жеткізу үшін Порталдың цифрлық мүмкіндіктерін белсенді пайдалануға шақырады.