
Салықтық тексеру мынадай жағдайларда жүргізіледі:
🔹 салық төлеушінің немесе салық агентінің өтініші бойынша;
🔹 ҚПК-де көзделген негіздер болған кезде;
🔹 салық органының шешімі негізінде;
🔹 жер қойнауын пайдалану келісімшартының мерзімі аяқталған жағдайда.
Тексеру ресми нұсқама негізінде жүргізіледі.
Қайта тексеру салық төлеушінің өтініші, шағымы, ҚПК негіздері немесе уәкілетті органның шешімі бойынша тағайындалуы мүмкін.
Тексеру нәтижелері сотта дауланған жағдайда, сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін қайта тексеру жүргізілмейді.
Көлденең мониторинг кезінде тексерулер тек заңнамада белгіленген жекелеген жағдайларда ғана жүргізіледі