
Қазақстандықтар үшін шетелдік интернет-дүкендерден сәлемдеме алу тәртібі өзгермейді
2026 жылдың екінші жартысынан бастап ЕАЭО елдерінде Temu, AliExpress, iHerb және басқа да шетелдік маркетплейстерден сатып алынатын тауарларға қатысты жаңа ережелер күшіне енеді.
Егер тауар құны 200 еуродан аспаса:
* кедендік баждар мен салықтарды төлеудің қажеті жоқ;
* сәлемдеме бұрынғыдай жеткізіледі;
* кеден органдарына өз бетінше жүгіну талап етілмейді;
* декларацияны электрондық сауда операторлары рәсімдейді.
Бажсыз әкелу лимиті 200 еуро деңгейінде сақталады, ал 31 кг салмақтық шектеу алынып тасталады.
Құны 200 еуродан асатын тауарларға 5% кедендік баж және 16% ҚҚС қолданылады.
Жаңа ережелер интернет-сауданы реттеуге және коммерциялық партияларды жеке пайдалануға арналған тауар ретінде рәсімдеу жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Өзгерістер Wildberries, Ozon, Kaspi.kz сияқты жергілікті интернет-алаңдар арқылы сатылатын тауарларға қолданылмайды.