Түркістан облысында «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» тақырыбында брифинг өтті.
Іс-шара барысында азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру тетіктері, банкроттық рәсімдерін қолдану тәртібі, сондай-ақ заңнамадағы негізгі талаптар мен өзгерістер кеңінен түсіндірілді.
Спикер:
Ержан Шынадил – Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы
Брифинг «Алатау Медиа» орталығында өтіп, Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.