2026 жылғы 09 сәуірде «Халық бухгалтері» акциясы өтті.

2026 жылғы 09 сәуірде «Халық бухгалтері» акциясы өтті.

2026 жылғы 09 сәуірде «Халық бухгалтері» акциясы өтті.

Іс-шара Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бастамасымен, Түркістан қаласы бойынша кірістер басқармасы ғимаратында ұйымдастырылды.

Аталған акция кәсіпкерлер мен азаматтарға бухгалтерлік есеп жүргізу, салық заңнамасын дұрыс қолдану, салық есептілігін уақтылы тапсыру, сондай-ақ мемлекеттік электрондық сервистерді тиімді пайдалану мәселелері бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізуге бағытталды.

Іс-шара барысында кәсіпкерлер мен бухгалтерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, кірістер органдарының тәжірибелі мамандарынан нақты әрі толық жауаптар алды. Сонымен қатар, қатысушыларға практикалық кеңестер беріліп, нақты жағдайлар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мұндай акциялар салық төлеушілердің құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ мемлекет пен бизнес арасындағы өзара байланысты нығайтуға ықпал етеді.