
Іс-шарада 2026 жылғы 1 қаңтарынан бастап күшіне енген жаңа Салық кодексі аясында арнаулы салық режимдерін қолдану тәртібі, шарттары мен өтпелі кезең талаптары түсіндірілді.
Спикерлер – Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басқарма басшылары С.Шырынбекова мен М.Көкенов салық режимдерін таңдау тәртібі, хабарлама жолдау тәсілдері және электрондық сервистерді пайдалану мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.
БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауаптар беріліп, практикалық түсіндірмелер ұсынылды. Департамент салық төлеушілерді заңнама талаптарын сақтауға және белгіленген мерзімде шешім қабылдауға шақырады.