
Кездесуге Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы С. Шырынбекова және Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы М. Көкенов қатысып, тұрғындармен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер, салық салу тәртібі және мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдері түсіндіріліп, тұрғындардың сұрақтарына жауаптар берілді.
Аталған кездесу салықтық мәдениетті арттыру мақсатында ұйымдастырылды.