26.12.2025 жылы Бәйдібек аудандық әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан тұрғындарына арналған Жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.

26.12.2025 жылы Бәйдібек аудандық әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан тұрғындарына арналған Жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.

Кездесуге Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы С. Шырынбекова және Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы М. Көкенов қатысып, тұрғындармен тікелей кездесу ұйымдастырды.

Іс-шара барысында салық салу тәртібі, Жаңа Салық кодексіндегі басты өзгерістер, мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдері жан-жақты түсіндіріліп, тұрғындардың сұрақтарына нақты жауаптар берілді.

Аталған ақпараттық-түсіндіру кездесуі салықтық мәдениетті арттыру және азаматтарды өз құқықтары мен міндеттері туралы хабардар ету мақсатында ұйымдастырылды.