
Ағымдағы жылдың 11 қараша күні Ордабасы ауданы бойынша Мемлекеттік кірестер басқармасының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Жаңа Салық Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы салықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кестеге сәйкес, Ашық есік күні өткізілді.
Аталған шараға Ордабасы ауданының жеке кәсіпкерлері мен жергілікті ауыл округтерінің салық агенттерімен және бухгалтер қатысты.
Ашық диалог форматында өткен іс-шарада басқарма басшысының орынбасары А.Батырхан салық саясатындағы өзекті мәселелер, бизнеске арналған мемлекеттік қолдау шаралары, іскер орта мен аудан халқының көкейкесті проблемалары туралы баяндама жасап , түсіндірме жасады.