Кентау қалалық Мемлекеттік кірістер басқармасында жергілікті кәсіпкерлер мен бизнес өкілдерімен кездесу өтіп, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер таныстырылды.
Жаңа Кодексте салық режимдері, мөлшерлемелер, қосылған құн салығы (ҚҚС) және басқа да бағыттар бойынша елеулі өзгерістер туралы айтылды.
Ашық диалог форматында өткен шарада кәсіпкерлер өз сауалдарына толыққанды жауап алып, мемлекет пен бизнес арасындағы сенімді нығайтуға үлес қосты.
Жалпы, жаңа Салық кодексі – әкімшілендіруді жеңілдетіп, әділдікті арттыруға және бизнеске қолайлы жағдай жасауға бағытталған маңызды қадам.