Келес ауданында жаңа Салық кодексі түсіндірілді

Келес ауданында жаңа Салық кодексі түсіндірілді

                                                                   

Келес ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы

У. Шерхан кәсіпкерлермен семинар-кеңес өткізіп,

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі өзгерістерін таныстырды.

  • Әкімшілендіруді жеңілдету
  • Әділдік принципін енгізу
  • Бизнеске қолайлы жағдай жасау
  • Салық режимдері мен мөлшерлемелерін қайта қарау
  • «E-Salyk Azamat» және заманауи сервистерді дамыту

 Соңында  кәсіпкерлер жаңа талаптар бойынша толық ақпарат алып, өзекті сұрақтарына жауап алды.

  • Қорытындылай келе, жаңа Салық кодексі – бизнеске түсетін жүктемені азайтуға, ашықтық пен әділеттілікті арттыруға, сондай-ақ кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасауға бағытталған маңызды құжат болып табылады.