Халық пен бизнес қауымдастығы арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіруге бағытталған іс-шаралар қарқынды жүргізілуде.
📁 Маңызды құжат – салықтық әкімшілендіру рәсімдерін жеңілдетуге, салық салудағы әділеттілікті күшейтуге және бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
🗓️ Осы ретте, ағымдағы жылдың 12 тамыз күні Түркістан облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында жаңа Салық кодексінің бизнеске әсері, сондай-ақ салық режимдері мен мөлшерлемелеріндегі елеулі өзгерістер туралы кәсіпкерлермен кездесу өтті.
🎙️ Кездесу барысында Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері – Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Мейрамбек Көкенов және Камералдық мониторинг басқармасының бөлім басшысы Азамат Байдулла қатысып, салық салу жүйесіндегі жаңа талаптар, қосылған құн салығы (ҚҚС), автоматтандырылған салықтық реттеу (АСР) және салықтық мөлшерлемелердің өзгеруі мен әкімшілендіру тетіктері туралы түсіндірме жасады.
📊 Әсіресе, жекеменшік мектептер мен балабақшалар, дәріханалар және туризм саласындағы кәсіпкерлердің сұрақтары мен ұсыныстарына нақты жауап беріліп, кодекс ережелері бизнес жүргізу үдерісіне қалай әсер ететіні туралы пікір алмасты.
📈 Алдағы уақытта салық органдарының түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізіліп, бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалог орнатыла отырып, нәтижесінде, салық төлеушілерге салық талаптарын қабылдау деңгейі артып, өзара сенім мен ашықтық нығая түспек.
Толығырақ: https://www.instagram.com/reel/DNQzK50scBJ/?igsh=aWt0dTdhZ3Z0MmJt
https://www.facebook.com/share/v/1BwLPvMaGa/?mibextid=wwXIfr