Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің қызметкерлері келген салық төлеушілерге ашық есік күні өткізді.
Ашық есік күні барысында:
🔹️Жаңа салық кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша;
🔹️250.00, 270.00 нысандағы декларацияны толтыру мен тапсыру тәртібі;
🔹️Кәсіпкерлерді тіркеуден бастап, тіркеу есебінен шығарғанға дейінгі міндеттемелер туралы;
🔹️Кәсіпкерлік қызмет барысында салық төлеу тәртібі және жауапкершілік;
🔹️ Онлайн БКМ құрылғысын және POS терминалдарды қолдану;
🔹️ "Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал!" акциясы бойынша;
🔹️«e-Salyg Azamat» мобильді қосымшасының артықшылықтары жөнінде туралы;
🔹️Жергілікті салықтар мен міндетті төлемдер туралы түсіндіру жұмыстары;
🔹️ Салық заңнамасындағы өзгерістер мен жаңалықтар.
Іс-шараға келген салық төлеушілерге пайдалы ақпарат ұсынылып, мамандар тарапынан жан-жақты кеңестер берілді.