Құрметті Түркістан облысының тұрғындары мен салық төлеушілері!
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен олардың орынбасарлары айына кемінде бір рет тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды, оның ішінде осы органдардың қызметкерлерін жеке қабылдауды жүргізуге міндеттелген
Азаматтарды қабылдау белгіленген және азаматтардың назарына жеткізілген күн мен сағатта жүргізіледі.
Осы орайда, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті басшысының орынбасары Е.Турысов Түркістан облысының азаматтарын, бизнес өкілдерін Салық және Кеден саласы бойынша сұрақтармен жеке қабылдауы өтеді.
Қабылдау ағымдағы жылдың 3-шілде сағат 10:00 -18:00 аралығында Түркістан қаласы, Жаңа қала,11 көшесі, 32 үй мекен-жайындағы Түркістан облысы бойынша МКД ғимаратында өтеді.