Түркістан облысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден бекеттерінің қызметі талқыланды.

Түркістан облысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден бекеттерінің қызметі талқыланды.

2025 жылғы 13 маусымда Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы шекара аумағында орналасқан кеден бекеттерінің қызметімен танысу мақсатында жұмыс сапары ұйымдастырылды. Іс-шараға Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Нұрахаев Мақсат Екматқұлұлы, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Төлеубаев Мұрат Ахтанұлы, сондай-ақ осы департамент басшысының бірінші орынбасары Сұлтанқұлов Ермек Самидинұлы қатысты.

Жұмыс сапары аясында тараптар шекаралық кеден бекеттеріндегі қызметтің ұйымдастырылу тәртібімен, кедендік рәсімдеу процесімен және азаматтардың, кәсіпкерлердің шекарадан өту кезінде туындайтын мәселелерімен танысты.

    Сонымен қатар, кедендік бақылау кезінде орын алуы мүмкін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, оларды азайту жолдары және алдын алу шаралары кеңінен талқыланды.

Іс-шара барысында мемлекеттік органдардың өзара тиімді іс-қимылы, шекарадағы бақылау жүйелерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру мәселелері де көтерілді.

     Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдері кеден саласында жиі кездесетін жүйелік тәуекелдерге назар аударып, олардың себеп-салдарын сыртқы талдау аясында зерделеу қажеттігін атап өтті.

      Сонымен қатар, сапар қорытындысы бойынша кеден бекеттерінде қызмет көрсетудің ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын қорғау, мемлекеттік қызмет сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында бірлескен шаралар қабылдау жөнінде ұсыныстар әзірленді.

     Аталған іс-шара кеден және шекара қызметіндегі тиімді басқару мен ашықтықты қамтамасыз ету арқылы мемлекетаралық қатынастардың дамуына оң ықпал етуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.

 Түркістан облысы бойынша МКД Баспасөз қызметі