МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

        Ағымдағы жылдың 5 маусымында Департаменттің Адам ресурстары басқармасының басшысы Ж.Жумагулованың төрағалығымен және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес алдағы уақытта мемлекеттік қызметте болатын оң өзгерістер мен оның дамуының негізгі аспектілері бойынша жиын өтті.

Ағымдағы жағдайды зерделеу нәтижелері, тұжырымдаманың мақсаты мен қағидаттары, қалыптасқан жай-күйді өзгертуге қажеттілік және күтілетін нәтижелері туралы түсіндірілді.

Сонымен қатар, қазіргі таңда мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға ықпал еткен мемлекеттік қызмет кадрларын іріктеудің жаңа жүйесінің артықшылықтары мен тиімділігі туралы айтылды.

Іс-шара барысында Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу кезеңдері мен тәртібі, аталған институттың жастарға беретін кепілдіктері туралы толыққанды ақпараттар берілді.

ҚР ҚМ МКК Түркістан облысы бойынша МКД-нің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына жазылып, ресми ақпаратқа ғана сеніңіз.