Уақыты: 10-00 сағат
2024 жылғы 06 мамыр Петропавл қ.
Төрағалық етуші:
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі-СҚО бойынша МКД) басшысының орынбасары - СҚО бойынша МКД сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының төрағасы (бұдан әрі - СЖТСТ) С.Ж. Мейрамов.
Қатысты:
СҚО бойынша МКД басқармаларының басшылары, СЖТСТ өткізу жөніндегі жұмыс тобының мүшелері.
СЖТСТ нәтижелерін талқылауды Облыстың СҚО бойынша МКД басшысының орынбасары С. Ж. Мейрамов ашты.
-СҚО бойынша МКД қызметінде ағымдағы жылы сәуір-мамыр айлары аралығында СЖТСТ өткізілді. «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 ТБН жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес СЖТСТ нәтижелерін жария талқылауды жүргізу қажет. Осыған байланысты бүгін біз СЖТСТ нәтижелерін көпшілік алдында талқылаймыз.
Бұдан әрі сөз сөйлеу үшін СҚО бойынша МКД АРБ басшысы Б. Е. Шайкеновке берілді.
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі-Комитет) МКК 2024 ж.23.02. № КГД-06-2-15/1752-И тапсырмаларына, СҚО бойынша МКД 2024 ж. 29.03. № 79 бұйрығына сәйкес СҚО бойынша МКД қызметінде 2024 ж. 03.04. бастап СЖТСТ өткізілді.
СЖТСТ негізінде жүргізілді:
- «сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 2023 жылғы 16.01. №21 бұйрығы;
–Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 2022 жылғы 30.12. №488 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі-әдістемелік ұсынымдар).
СЖТСТ принциптері бойынша жүргізіледі:
1) объективтілік;
2) сенімділік;
3) ашықтық;
4) жан-жақтылық.
Комитеттің нұсқауына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі талдамалық анықтама мен іс-шаралар жоспары Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар барлық жұмыс процестері Комитеттің бейінді бөлімшелерімен келісілгеннен кейін ғана қалыптастырылсын.
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар заңды, тиімді, орындалатын және талдау объектісінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға бағытталған болуға тиіс.
СЖТСТ жүргізу кезінде процедуралық бұзушылықтар анықталған жоқ.
Анықтамада көрсетілген ақпарат СҚО бойынша МКД қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша жұмысқа қабылданды.
Хаттама жүргізді:
АРБ қызметтік тергеу бөлімінің бас маманы Л.Н. Малышкина