
Әлеуметтік аударымдар төлеуші тарапынан Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей, төлем жүргізілетін айды көрсете отырып, мемлекеттік корпорацияның банктік шоты арқылы төленеді.
Арнайы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, қолданатын жеке кәсіпкерлер әлеуметтік аударымдар сомаларын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімдерде төлейді.
Бұл ретте есептелген әлеуметтік аударымдар сомалары әлеуметтік аударымдар төленетін айлық кезеңді (айы, жылы) көрсете отырып төленеді.
Төлем банктық операциялардың белгілі бір түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдар арқылы жүргізіледі.
Төлеушілер әлеуметтік аударымдарды төлеуді негізгі объект үшін төлеушінің өзі тіркелген жері бойынша, құрылымдық бөлімшелер үшін құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.
Бұл ретте аударымдар сомасын есептеуді және аударуды жұмыс берушілер жалдамалы жұмыскерлер үшін, сондай – ақ көрсетілген қызметтер немесе орындалған жұмыстар үшін азаматтық- құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар үшін өз қаражаты есебінен жүзеге асырады. Жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар (адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар), сондай- ақ шаруа немесе фермер қожалықтарының басшылары мен кәмелетке толған мүшелері әлеуметтік аударымдарды өз пайдасына дербес төлейді.
Назар аударамыз: әлеуметтік аударымдарды уақтылы төлеу міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылады.