
2026 жылф мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу мен төлеу, сондай-ақ 701.01 нысанын ұсыну міндетті есептелген мүлік салығының сомасы 300 АЕК-тен (2026 жылғы АЕК – 4325 теңге болғанда 1 297 500 теңге) асқан жағдайда жеке кәсіпкерлерде (оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатындарды қоспағанда) және заңды тұлғаларда туындайды.
Салық төлеушілердің өзге санаттары үшін 2026 жылы мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу мен төлеу, сондай-ақ 701.01 нысанын тапсыру міндеті алып тасталды.
Есептік сома салық кезеңінің басындағы бухгалтерлік есепте көрсетілген салық салу объектілерінің баланстық құнын салық мөлшерлемесіне көбейту арқылы айқындалады.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 512- бабына сәйкес жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу және төлеу тәртібі алып тасталды. Осыған байланысты жер салығы бөлігінде 701.01 салық есептілігі нысанын ұсыну міндеті жойылды.