Мүлікке билік етуге шектеу қою (салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты)

Мүлікке билік етуге шектеу қою (салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты)

Мүлікке билік етуге шектеу қою (салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты)

Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкіне билік етуге шектеу қою салықтық міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің бір түрі болып табылады.

Салық төлеушінің мүлкіне билік етуге шектеу қою тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 87-бабымен реттеледі.

Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкіне билік етуге шектеу қоюды мынадай жағдайларда жүргізеді:

1) салық төлеуші (салық агенті) салық берешегін ең жоғары мөлшерінен асатын сомада өтемеген жағдайда – салық берешегінің сомасы шегінде;

2) салық төлеуші (салық агенті) (горизонталды мониторингке қатысушыдан басқа) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны шағымданған жағдайда – салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген шағымдалып отырған сома шегінде.

Мүлікке билік етуге шектеу қойылмайтын объектілер:

1) тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;

2) электр, жылу және өзге де энергия түрлері;

3) сақтау және (немесе) жарамдылық мерзімі бір жылдан аспайтын азық-түліктер немесе шикізат.

Салық органы мүлікке билік етуге шектеуді келесі жағдайларда алып тастайды:

1) салық төлеуші (салық агенті) салық берешегінің сомаларын төлеу арқылы өтегенде;

2) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама уәкілетті органның шешімімен немесе заңды күшіне енген сот актісімен толықтай күшін жойғанда;

3) мемлекеттің меншігіне өткен (түскен) мүлікті мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші орган өтініш бергенде;

4) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік меншікке қабылдау туралы шешім қабылдағанда.

Тәркіленуге жатпайды:

Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуге шектеу қойылған мүлкі, қаржылық лизингке берілген (алынған) немесе лизинг және (немесе) залог шартының қолданылуы тоқтатылғанға дейін залогқа берілген мүлік.

Жалғыз тұрғын үй тек заңды күшіне енген сот актісінің негізінде ғана тәркіленуге жатады.