Қайырымдылық және демеушілік көмекке ЖТС және әлеуметтік төлемдер салынбайды

Қайырымдылық және демеушілік көмекке ЖТС және әлеуметтік төлемдер салынбайды

Қазақстан Республикасының Кодексінің 9-бабының 5) тармақшасына сәйкес, қайырымдылық көмек — бұл өтеусіз негізде берілетін мүлік, оның ішінде:

демеушілік көмек түрінде;

жеке тұлғаны әлеуметтік қолдау түрінде;

төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаға;

коммерциялық емес ұйымға оның жарғылық қызметін қолдау үшін;

әлеуметтік салада қызмет жүзеге асыратын ұйымға;

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес мүгедектігі бар адамдардың мамандандырылған ұйымына берілетін мүлік.


Кодекстің 371-бабына сәйкес, жеке тұлғаның табысына салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде алынған (алынуға жататын) барлық табыс түрлері кіреді, оның ішінде:

төлем көзінен салық салынатын табыстар;

жеке тұлғаның өз бетінше салық салуына жататын табыстар.


Кодекстің 371-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, жеке тұлғаның жылдық табысына өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс енгізіледі.

Сонымен қатар, Кодекстің 433-бабына сәйкес, төлем көзінен салық салынуға жататын өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс қайырымдылық және демеушілік көмек ретінде алынған мүліктің құнына азайтылады.

Осылайша, жеке тұлғаға қайырымдылық немесе демеушілік көмек аясында берілген мүлік (оның ішінде ақшалай қаражат) мұндай көмекті көрсететін ұйыммен еңбек қатынастарының болуына қарамастан, жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерге жатпайды.