
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 481-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес есепке жатқызылатын қосылған құн салығы бюджетке төлем жүзеге асырылған күн келетін салық кезеңінде есепке алынады, бірақ мұндай салық есептелген кезең ретінде осы Кодекстің 530-бабының 6-тармағында айқындалған салық кезеңінен кейінгі айдың 20-күнінен ерте емес, — ЕАЭО-ға мүше мемлекет аумағынан тауарлар импортталған жағдайда.
Салық кодексінің 530-бабының 6-тармағына сәйкес ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлар, оның ішінде қайта өңдеуге берілген шикізатты қайта өңдеу өнімдері, лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша тауарлар (лизинг нысаналары) бойынша жанама салықтарды есептеу және төлеу үшін импортталған тауарлар есепке қабылданған немесе лизинг шартымен (келісімшартпен) көзделген төлем мерзімі туындаған күнтізбелік ай салық кезеңі болып табылады.
Бұл ретте салық міндеттемесін салық кезеңі ішінде орындауға жол беріледі.
Салық кодексінің 530-бабының 5-тармағына сәйкес импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы салық төлеушілердің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық кезеңінен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей төленеді.
Импортталған тауарлар бағасы Салық кодексінің 518-бабының 8-тармағына сәйкес ұлғайған жағдайда, импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы шарт (келісімшарт) тараптары импортталған тауарлардың бағасын өзгерткен айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей төленеді.
Осылайша, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы Салық кодексінің 481-бабының ережелеріне сәйкес бюджетке төлем жүзеге асырылған күн келетін салық кезеңінде есепке алынады.