
Экономиканы және кәсіпкерлікті қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі микро және шағын бизнес субъектілеріне қатысты салықтық әкімшілендіруді түзету туралы шешім қабылдады.
2025 жылғы 17 желтоқсандағы шешімге сәйкес төмендегілерді бекіту көзделеді:
— микро және шағын бизнес субъектілерін тарату және қызметін тоқтату қағидалары;
— 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптасқан және 2026 жылғы 1 сәуірге дейін өтелген салықтық берешек болған жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдарды, сондай-ақ қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша тіркеуге уақытында тұрмағаны үшін салынған айыппұлдарды есептен шығару қағидалары.
Аталған Қағидалардың жобалары 2026 жылғы 12 қаңтарда «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылау үшін жарияланды.
Күшіне енуінің жоспарланған мерзімі — 2026 жылғы ақпан айының басы.
Қосымша ұйымдастырушылық-жедел шаралар
Камералдық бақылау
Камералдық бақылау 2025 жылғы 17 желтоқсанға дейін ұсынылған салықтық есептілікке, 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдері бойынша салықтық міндеттемелерге қатысты жүргізілмейді, келесі жағдайларды қоспағанда:
— резидент емес тұлғалардың кірістеріне салық салу;
— 2025 жылғы 17 желтоқсаннан кейін көрсетілген кезеңдер үшін қосымша салықтық есептілікті ұсыну;
— 2025 жылғы 17 желтоқсаннан кейін салықтық есептілікті кері қайтарып алу;
— салық заңнамасында көзделген, камералдық бақылауды жүргізуді талап ететін салық төлеушінің өтініштері және (немесе) талаптары;
— бюджеттен ҚҚС қайтару бойынша мемлекеттік қызмет шеңберінде қызмет алушының жеткізушілеріне қатысты.
17 желтоқсан 2025 жыл мерзімі 2025 жылдың екінші жартыжылдығына арналған оңайлатылған декларацияны және 2025 жылдың төртінші тоқсанына арналған өзге де декларацияларды салықтық міндеттемелерді көрсетпей ұсыну тәуекелдерін азайту мақсатында белгіленді.
Салықтық тексерулер
2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдері үшін салықтық тексерулер жүргізілмейді, келесі жағдайларды қоспағанда:
— 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған тексерулер;
— қарсы (кездес) салықтық тексерулер;
— келесі шеңберде тағайындалатын тексерулер:
Сот талаптары
Төмендегілер бойынша талап қою тоқтатылады:
— 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы;
— 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жүргізілген тіркеуді (қайта тіркеуді) жарамсыз деп тану туралы.
Ерекшелік — құқық қорғау органдарының материалдары негізінде бастамашылық етілген талаптар.
Әкімшілік жауапкершілік
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап микро және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық істерін қозғау тоқтатылады:
— ҚҚС бойынша тіркеуге уақытында тұрмағаны үшін;
— ҚҚС бойынша тіркеуде тұрмаған кезеңде жасалған айналымдар үшін;
— 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңдер бойынша салықтық міндеттемелерге қатысты салықтық есептілікті ұсынбағаны үшін.
Шаралардың мақсаты
«Таза парақ» тәсілін іске асыру мынаған бағытталған:
— әкімшілік және фискалдық жүктемені азайтуға;
— микро және шағын бизнесті қолдауға;
— кәсіпкерлердің жүргізіліп жатқан салықтық және институционалдық реформаларға бейімделуіне жағдай жасауға.
Сонымен қатар, Премьер-Министр Олжас Бектеновтің Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерін цифрландыру және фискалдық саясатты дамыту мәселелері бойынша өткен кеңесте берген тапсырмасына сәйкес, Қаржы министрлігі бизнеске Салық кодексіндегі өзгерістерге бірқалыпты бейімделуді қамтамасыз ету мақсатында 2026 жыл ішінде микро және шағын бизнеске өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептемеу мәселелерін қосымша пысықтауда.