Тайынша ауданы бойынша МКБ алаңында бизнес өкілдеріне жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша семинар өткізілді.

Тайынша ауданы бойынша МКБ алаңында бизнес өкілдеріне жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша семинар өткізілді.

 

            Бүгін Тайынша ауданының «АМАНАТ» партиясы филиалы алаңында бизнес өкілдері үшін жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша семинар өтті.

           Семинарға ауданның ірі агроқұрылымдары, орта және шағын бизнес өкілдері қатысты.

           Кездесу барысында корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, жеке табыс салығы, салықтық тексерулер, салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу, тәуекелдерді басқару жүйесі, арнайы салық режимдері және т.б. бойынша қабылданған нормалар талқыланды.                             

          Салықтөлеушілер өздерін қызықтыратын сұрақтар қойды, мысалы:

           1.Оңайлатылған декларацияда СТ-мен жұмыс істеу кезінде шығыстарды шегерімге жатқызу мүмкіндігі ;

  1. Енді ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қалай салық салынады;
  2. АСР-і өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға көшу тәртібі;
  3. 2025 жылғы салық шегерімдері, 2026 жылғы есептілікті ұсыну тәртібі.

          Сөз сөйлеген спикерлер: Аудит басқармасы басшысы Кұрмашев Е.Ж., түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқарма басшысы Некрасова Н.В., өндірістік емес төлемдер басқармасы басшысы Қоспаев С.А., қосылған құн салығы әкімшілендіру бөлім басшысы  Белоусов А.О.