Жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша Семинар

Жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша Семинар

    Бүгін Есіл ауданы бойынша МКБ алаңында бизнес өкілдері үшін жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша семинар өтті.

           Семинарға ауданның ірі агроқұрылымдары, орта және шағын бизнес өкілдері қатысты.

           Кездесу барысында корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, жеке табыс салығы, салықтық тексерулер, салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу, тәуекелдерді басқару жүйесі, арнайы салық режимдері және т.б. бойынша қабылданған нормалар талқыланды.                             

          Салықтөлеушілер өздерін қызықтыратын сұрақтар қойды, мысалы:

         - ҚҚС бойынша сомаларды есепке жатқызудың дұрыстығы;

         - ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін салық салу режимі қалай өзгереді:

         - әр 3 жыл сайын мүлікті қайта бағалау қажеттілігі, жұмыс механизмі:

         - оңайлатылған декларация негізінде арнайы режимге көшудің дұрыстығы:

          Сөз сөйлеген спикерлер: СҚО бойынша МКД басшысының орынбасары Мейрамов С.Ж., аудит басқармасы басшысы Кұрмашев Е.Ж., түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқарма басшысы Некрасова Н.В., өндірістік емес төлемдер басқармасы басшысы Қоспаев С.А., қосылған құн салығы әкімшілендіру бөлім басшысы  Белоусов А.О.