Ұлттық валюта–«Теңге» және «Қаржыгерлер» күніне арналған салтанатты жиналыс

Ұлттық валюта–«Теңге» және «Қаржыгерлер» күніне арналған салтанатты жиналыс

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Ұлттық валюта–«Теңге» және «Қаржыгерлер» күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.
1993 жылдың 15 қарашасында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының өз валютасы қаржы нарығында айналымға енді. Теңге 30 жыл тарихында бірқатар жетістікке жетіп, үш жыл қатарынан әлемдегі үздік банкнота атанды.
Іс-шарада, Департамент басшысы қызметкерлерді мерекемен құттықтап, бүгінгі таңда «Теңге»–тәуелсіздіктің экономикалық негізі, егемендік символы, Қазақстанның жаңа тарихы мен болашағының толыққанды бөлігі екенін атап өтті. Баршаға денсаулық, отбасылық амандық, жаңа белестер және кәсіби табыс тіледі.
Мерекелік шара барысында үздік қызметкерлер ҚР ҚМ МКК «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен, Құрмет грамоталары, Алғыс хаттарымен марапатталды.