Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Е.Тұрысов, Тұран ауданының ұжымына тағайындалған басшысын -Бауыржан Нұрланұлы Омартаевты таныстырды.
Бауыржан Нұрланұлы Омартаев 1989 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Атбұлақ ауылында туылған. Екі жоғары білімі бар:
2011 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2013 жылы Тұрар Рыскұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірді.
2013 жылынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысының және Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінде әр түрлі саласында, Камералдық бақылау басқармасының бас маманы лауазымынан бастап, Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы болып жұмыс атқарды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер депатаментінің 05.06.2023 жылғы №119-ж бұйрығымен Тұран ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып тағайындалды
