
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ішкі істер департаментімен бірлесіп, «Қорғау» жүйесі арқылы көлік салығы бойынша берешегі бар тұлғаларды анықтау және берешекті өндіріп алу бағытында тұрақты рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда.
Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде 41 борышкерден 17 млн.теңге көлемінде берешек өндірілсе, 12 млн.теңге берешегі бар 33 автокөлік айыппұл тұрағына жеткізілді.