
Шымкент қаласында кәсіпкерлерді қолдауға арналған «Халық бухгалтері» акциясы жалғасуда.
Өткізу мерзімі: 2026 жылғы 5 қаңтар – 30 маусым.
Кеңес беру уақыты: аптасына екі рет (сейсенбі және бейсенбі күндері), сағат 10:00–13:00 аралығында.
📍 2026 жылғы 11 маусым күні кеңестер келесі мекенжайларда өткізіледі:
• Абай ауданы бойынша МКБ — Шымкент қ., Театр көшесі, 33;
• Еңбекші ауданы бойынша МКБ — Шымкент қ., Байтұрсынов көшесі, 68;
• Қаратау ауданы бойынша МКБ — Шымкент қ., Арғынбеков көшесі, 89А.
Кәсіпкерлер салық есептілігін тапсыру, төлемдерді есептеу, электрондық қызметтерді пайдалану және бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша тегін консультация ала алады.