
📂Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 22 сәуірдегі № 269 бұйрығына сәйкес «Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану жөніндегі мемлекеттік қызметтің қағидалары мен нысандарын бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізілді.
📌 Енді рәсім келесі қарыздарды да қамтиды:
🔹банктер мен микроқаржы ұйымдары алдындағы қарыздар;
🔹лицензиясы қайтарылып алынған ұйымдар алдындағы қарыздар;
🔹таратылған компаниялар алдындағы қарыздар;
🔹қарыз талап ету құқығы бар өзге де кредиторлар алдындағы берешектер.
📋 Өтініш беру шарттары:
1️⃣қарыз сомасы 1600 АЕК-тен аспайды (2026 жылы — шамамен 6,9 млн теңге);
2️⃣өндіріп алуға жататын мүліктің болмауы (бірден-бір тұрғын үйді қоспағанда);
3️⃣соңғы 12 ай ішінде 1 АЕК-тен асатын төлемдердің болмауы;
4️⃣кредитормен берешекті реттеу рәсімдерін жүргізу (заңда көзделген жағдайларда).
🔄Соңғы 6 айда АӘК (АСП) алған азаматтар үшін жеңілдетілген тәртіп қолданылады.
⌛5 жылдан астам өтелмеген берешек болған жағдайда рәсім қосымша шарттарсыз жүргізіліп, мерзімі 1 айға дейін қысқартылады.
📍 Өтініш беру тәсілдері:
💻 электрондық үкімет порталы — eGov.kz
📱 eGov Mobile мобильді қосымшасы
📱 e-Salyq Azamat қосымшасы
🏢 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы
⚙️ Автоматтандырылған тексеру:
Барлық деректер «Tazalau» ақпараттық жүйесі арқылы автоматты түрде тексеріледі.
Тексеру кезінде:
🔹 мемлекеттік органдардың деректері;
🔹 банктердің деректері;
🔹 кредиттік бюролардың мәліметтері пайдаланылады.
📄 Қағаз түріндегі анықтамалар талап етілмейді.
⏳ Қайта өтініш беру мерзімі:
🔁 бас тартудан кейін — 3 айдан соң;
⚠️ рәсім жалған мәлімет беру немесе мүлікті жасыру себебінен тоқтатылған жағдайда - 6 айдан соң.
📲 Рәсім қорытындысы бойынша азамат банкрот деп танылып, оның міндеттемелері толық тоқтатылады.
📩 Нәтиже eGov жеке кабинетіне немесе мобильді қосымшаларға жолданады.