
2026 жылдан бастап, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қоспағанда, салықтық есептілікті кері қайтарып алу мүмкін емес. Бұрын ұсынылған салықтық есептілікте көрсетілген мәліметтерді өзгерту және (немесе) толықтыру қосымша салықтық есептілікті және (немесе) хабарлама бойынша салықтық есептілікті ұсыну арқылы жүзеге асырылады.
Салықтық есептілік толтырылуының толықтығы мен дұрыстығына форматтық-логикалық бақылаудан өтеді.
Салықтық есептіліктің ұсынылған болып танылуының міндетті шарты-форматтық-логикалық бақылау нәтижесінде оған «Құжат қабылданды» мәртебесінің берілуі.
Бастапқы немесе кезекті салықтық есептілікті тапсыру мерзімі өткеннен кейін, салық органының ақпараттық жүйесі тиісті салық кезеңі үшін нөлдік көрсеткіштері бар салықтық есептілікті автоматты түрде қалыптастырады.
Салық органының ақпараттық жүйесі автоматты түрде қалыптастырылған есептілікпен бірдей салық кезеңі және сол салық түрі (бюджетке төлем) бойынша салықтық есептілікті қабылдамайды. Ерекшелік ретінде тек қосымша салықтық есептілік, сондай-ақ Салық кодексінде белгіленген мерзім шегінде қағаз жеткізгіште ұсынылған есептілік қабылданады.
Қағаз жеткізгіште ұсынылған бастапқы немесе кезекті салықтық есептілік ақпараттық жүйеге енгізіліп, оған «Құжат қабылданды» мәртебесі берілгеннен кейін, осы салық кезеңі үшін автоматты түрде қалыптастырылған есептілік күшін жояды.
Егер салық төлеушіде салық салу объектісі және (немесе) салық салумен байланысты, есептілікте көрсетілуге тиіс объектілер болған жағдайда, ол автоматты түрде қалыптастырылған есептілікке қосымша салықтық есептілікті ұсынуға міндетті.Салық есептілігі бойынша жаңа ережелер.