Шымкент қаласы бойынша МКД салықтардың, төлемдерді

Шымкент қаласы бойынша МКД салықтардың, төлемдерді

Шымкент қаласы бойынша МКД салықтардың, төлемдердің (есептелуге жатпайтын алымдар мен төлемдерді қоспағанда), өсімпұлдардың, айыппұлдардың қате, артық төленген (өндіріп алынған) сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүзеге асыру үшін салық төлеушілер салықтық өтіншті (ҚР ҚМ 12.02.2018ж. №160 бұйрығымен бекітілген 15 қосымша) табыс ететінін еске салады.
Салықтық өтінішті уәкілетті органның растайтын құжатын қоса Мемлекеттік корпорация (ХҚКО), «Электронды үкімет» egov.kz веб-сайты, «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы және мобильді қосымша (E-salyk Azamat, egov.kz mobile) арқылы ұсынады.
Мемлекеттік кірістер органы органы салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың, айыппұлдың қате, артық төленген (өндіріп алынған) сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды мынадай тәртіппен:
- жеке шоттарды жүргізу орны бойынша – осындай жеке шоттардың мәліметтері негізінде;
- жеке шоттар жүргізілмейтін бюджетке төленетін төлемдерді төлеу орны бойынша – тиісті уәкілетті мемлекеттік орган берген не электрондық база арқылы және (немесе) қағаз жеткізгіште алынған, жүзеге асырылуы үшін бюджетке төлемдерді төлеу көзделген әрекеттердің жасалмағанын растайтын, салық төлеуші ұсынған құжаттардың негізінде жүргізеді.
Сондай-ақ, есепке жатқызуға және қайтаруға өтінішті «е-Өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өндеудің бірыңғай платформасыарқылы жіберуге болмайтынына назар аударамыз, «е-Өтініш» платформасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.