Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 «Бақылау-кассалық машиналарды қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына 2025 жылғы 14 наурызда енгізілген өзгерістерге сәйкес, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардан фискалдық деректер операторларының серверіне деректерді беру жөніндегі 2.0.3 нұсқалы Протоколы әзірленгені туралы ақпараттандырады.
🔸2025 жылғы 20 маусымда 2.0.3 нұсқалы Протоколы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми интернет-ресурсында https://kgd.gov.kz/sites/default/files /KGD/UGU/protokolperedachidannyh_2_0_3_operator.docx жарияланған.
🔸2.0.3 нұсқалы Протоколында БКМ-ді ұлттық тауарлар каталогына автоматты түрде қосу және БКМ-нің нақты орналасқан жерін анықтайтын ФДО тарапынан геолокацияны айқындау сервисі көзделген.
🔸Осыған байланысты, 2.0.3 нұсқалы Протоколына көшу мерзімі келесідей белгіленген:
– аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын БКМ қолданатын салық төлеушілер БКМ функцияларын 2025 жылғы 15 қазанға дейін 2.0.3 нұсқасы Протоколына сәйкес қайта бағдарламалауы қажет;
– деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар электрондық құрылғы (темір касса) түріндегі БКМ қолданатын салық төлеушілерге 2025 жылғы 15 қарашаға дейін қайта бағдарламалау қажет.
🔸2025 жылғы 17 қарашадан бастап ФДО-ның 2.0.2 нұсқасы Протоколын ажырату жоспарлануда екенін қосымша хабарлаймыз.
🔸Бүгінгі күні ФДО тізімінде 10 заңды тұлға бар: «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Кар-Тел» ЖШС, «Kaspi Bank» АҚ, «IT ANALYTICS» ЖШС, «Бухта.кз» ЖШС, «Smartcontract» ЖШС, «Jusan Mobile» АҚ, «Comrun» ЖШС, «Вайпоинг» ЖШС.
🔸Сонымен қатар, аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын БКМ-нің жаңартылуы техникалық қызмет көрсету орталықтарына жүгінбей-ақ автоматты түрде жүзеге асырылады.