🔹2025 жылдың 23 маусымында Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Әуежай-Шымкент» кеден бекеті қызметкерлері кедендік бақылауды жүзеге асыру барысында «Стамбул-Шымкент» халықаралық әуе рейсімен келген жалпы салмағы 128,8 кг. (14 422 дана әртүрлі үлгіде) құрайтын декларацияланбаған «дәрілік заттары» тауарларын кідіртіп, уақытша сақтау қоймасына орналастырған.
🔹Кедендік бақылау кезінде «Д» жолаушы ЕАЭО аумағына әкелуге рұқсат қағаздары және де қолдану бойынша тәртібі болмаған. Осыған орай, кеден бекеті аталған жолаушыға қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізілуде.
🔹«Тарифтік емес реттеу шаралары туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне сәйкес, ЕАЭО аумағына «дәрілік заттарды» мемлекеттік тізіліміне енгізу мәліметі болған жағдайда әкелуі жүзеге асыралады.
🔹Шымкент қаласы бойынша Мемлдекеттік кірістер департаменті азаматтарға кедендік шекара арқылы тыйым салынған заттарды тиісті рұқсат құжатынсыз өткізгені үшін жауапкершілікті ескертеді.