Қазақстан Республикасы резиденттігін растау

Қазақстан Республикасы резиденттігін растау

«Қазақстан Республикасы резиденттігін растау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі:

            1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;

         2) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады.

          Қазақстан Республикасының резиденттігін растауға  салықтық  өтініш  орналасқан, болатын (тұрғылықты) жері бойынша  табыс етіледі.

         Резиденттікті растау үшін салықтық өтінішке келесі құжаттар  қоса тіркеледі:

      1) өзінің тиімді басқару орнының Қазақстан Республикасында болуы негізінде резидент болып табылатын шетелдік заңды тұлға – заңды тұлғаны тиімді басқару орнының (нақты басқару органы тұрған жер) Қазақстан Республикасында болуын растайтын құжаттың (өткізілген орны көрсетіле отырып, директорлар кеңесінің немесе соған ұқсас органның жалпы жиналысы хаттамасының немесе негізгі басқару және (немесе) бақылау, сондай-ақ заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүргізуі үшін қажетті стратегиялық коммерциялық шешімдер қабылдау орнын растайтын өзге де құжаттардың) нотариат куәландырған көшірмесін;

      2) резидент болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы – жеке куәлігінің немесе Қазақстан Республикасы паспортының көшірмесін;

      3) резиденттер болып табылатын шетелдік және азаматтығы жоқ адам мыналардың:

         - шетел паспортының немесе азаматтығы жоқ адам куәлігінің;

          - Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаттың (ол болған кезде);

         - Қазақстан Республикасында болу кезеңін растайтын құжаттың (визаның немесе өзге де құжаттардың) нотариат куәландырған көшірмелерін;

      4) "Астана" халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам:

         -  шетел паспортының немесе азаматтығы жоқ адам куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесін;

           -Қазақстан Республикасында болу кезеңін растайтын құжаттың (визаның немесе өзге де құжаттардың) нотариат куәландырған көшiрмесiн;

      резиденттікті растайтын құжатты бергені үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін;

     -  "Астана" халықаралық қаржы орталығының актісінде белгіленген нысан бойынша тиісті кезеңге "Астана" халықаралық қаржы орталығының Әкімшілігі беретін, "Астана" халықаралық қаржы орталығының инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасына сәйкес инвестицияларды жүзеге асыру туралы растау хатты;

         - шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның "Астана" халықаралық қаржы орталығының инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасына қатысу үшін бастапқы өтініш жасау алдындағы соңғы жиырма жыл ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған адам болып табылмайтыны туралы ішкі істер органы берген растау хатты ұсынуға міндетті. Ішкі істер органы берген растау хатта шетелдіктің шетел паспортының немесе азаматтығы жоқ адам куәлігінің мәліметтері қамтылуға тиіс.

      Резиденттікті растайтын құжат резиденттікті растайтын құжатты бергені үшін алым төлеу жүргізілген күнтізбелік жылға беріледі.

Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті алушылар құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға келу тәртібімен тапсырған кезде – Мемлекеттік корпорация қызметкері қабылданған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге курьер қызметі арқылы жолдайды.

Көрсетілетін қызметті алушылар Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды қолма-қол тапсырған кезде салықтық өтініш алған күннен бастап  2(екі) жұмыс күн ішінде мемелекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алады.

Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі әлде Салық кодексінің 217 бабында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабын жіберіледі.

Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.