Меню
Страницы

Қазақстанда «Тах Free» пилоттық жобасы іске асырылуда

Қазақстанда «Тах Free» пилоттық жобасы іске асырылуда

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығы сомасының өтемақысы бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы («такс фри» пилоттық жобасы)» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 4 маусымдағы № 363 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасында шетелдік туристерге (ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарын қоспағанда) сатып алынған тауарларды ЕАЭО аумағынан тыс жерге әкету кезде ҚҚС-тің өтемақы сомасын қайтарып алуға мүмкіндік беретін «Tax Free» пилоттық жобасының іске асырылып жатқанын хабарлайды.

«Тах Free» — Қазақстаннан шығар кезде шетелдік туристерге тауар сатып алғаны үшін ҚҚС бөлігінің өтемақысы.

Пилоттықжоба Алматы, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Балқаш, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен (Қатон- Қарағай) жене Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақмола облысының Бурабай кентінде орналасқан стационарлық сауда объектілерінде жүзеге асырылады.

ҚҚС өтемақысы «Tax Free» жүйесінің операторы арқылы жүзеге асырылады және шетелдік туристерге жалпы сомасы кемінде 10 АЕК

(2026 жылы - 43 250 теңге) болатын азық-түлікке жатпайтын тауарларды сатып алған кезде ұсынылады.

«Тах Free» құжатын сатушы ҚҚС сомасы көрсетілген кассалық чек негізінде қағаз немесе электронды түрде ресімдейді.
Пилоттық жобаға қатысу үшін https://taxfree.kz/ және/немесе Globalblue.com сілтемесіне кіру арқылы Tax Free Kazakhstan операторларымен шарт жасасу қажет.
Tax-Free жүйесіне қосылу жене оны бизнес үшін пайдаланутегін.
Жоғарыда аталған елді мекендерде орналасқан, ҚҚС телеушілері болып табылатын және стационарлық сауда объектілерінде азық-түлік емес тауарларды бөлшек саудада жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлерді қатысуға шақырады.

«Тах Free» жүйесіне қосылу бизнес үшін қосымша артықшылықтар туғызып, мүмкіндік береді:
* шетелдіктуристерді тауар сатып алуға тарту;
* сату көлемі мен орташа орташа чек құнын арттыру;
* сауда нүктесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
* сатып алушыларды (шетелдік туристерді) «Tax Free» жүйесінің операторы арқылы ҚҚС-ты халықаралық деңгейде қайтару қызметімен қамтамасыз ету.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты