Меню
Страницы

Салық есептілігі нысандарын тапсыру мерзімдері

Салық есептілігі нысандарын тапсыру мерзімдері
📆 Салық есептілігі нысандарын тапсыру мерзімдері:

📌 10 сәуірден кешіктірмей:
• 493.00 нысаны – үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер. Оны сумен жабдықтау, су бұру, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау (қоқыс шығару), лифтілерге қызмет көрсету және (немесе) тасымалдау саласындағы қызметтерді көрсететін ұйымдар 2026 жылдың 1-тоқсаны үшін.
📌 15 сәуірден кешіктірмей:
• 400.00 нысаны – 2026 жылғы ақпан айына арналған акциз бойынша декларация.
📌 20 сәуірден кешіктірмей:
• 101.02 нысаны – 2026 жылдың 2–4 тоқсандарына арналған КТС бойынша аванстық төлемдер есебі;
• 328.00 нысаны – наурыз айына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;
• 851.00 нысаны – жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ағымдағы төлемдер есебі;
• 870.00 нысаны – қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлем бойынша декларация.

📆 Салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеу мерзімдері:

📌 6 сәуірден кешіктірмей:
• Жеке практикамен айналысатын тұлғалардың 2026 жылғы наурыз айы үшін ЖТС.
📌 10 сәуірден кешіктірмей:
• КТС – 2025 жылға арналған декларация бойынша түпкілікті есеп айырысу;
• ЖТС – төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша түпкілікті есеп;
• Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары (оның ішінде үстеме пайда салығы, баламалы салық және т.б.);
• Жер салығы, мүлік салығы – 2025 жыл үшін түпкілікті есеп;
• Көлік құралдары салығы – 2025 жылға арналған декларация және 2025 жылғы 1 шілдеден кейін туындаған міндеттемелер бойынша.
📌 15 сәуірден кешіктірмей:
• Платформалар арқылы жұмыс істейтін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін 2026 жылғы наурыз айына ЖТС.
📌 20 сәуірден кешіктірмей:
• ЕАЭО-дағы ҚҚС – 2026 жылғы наурыз үшін;
• Акциздер, оның ішінде ЕАЭО елдерінен импорт;
• Қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлем.
📌 27 сәуірден кешіктірмей:
• КТС – сәуір айына аванстық төлемдер;
• Төлем көзінен ұсталған КТС және ЖТС – наурыз үшін;
• Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдер;
• Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін сәуір айына төлем;
• Наурыз айы үшін бірыңғай төлем;
• Әлеуметтік төлемдер (МЗЖ, МЗЖЖ, МЗЖР, ӘА, МӘМС, МӘМСА) – наурыз айына.
 
 
 
Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты