Мамырға арналған салық күнтізбесі

Мамырға арналған салық күнтізбесі

Құрметті салық төлеушілер!

Естеріңізге сала кетейік, салық есептілігін тапсыру мерзімі жақындап келеді. Салық міндеттемелерін уақтылы орындауды ұмытпаңыздар, бұзушылықтарды болдырмау үшін қажетті құжаттарды алдын-ала дайындап, тапсыруды ұсынамыз.

Есептілік

15 мамыр

101.03 нысаны – төлем көзіне салынатын ККП бойынша резиденттің табысынан ұсталатын есеп;

101.04 нысаны – төлем көзіне салынатын ККП бойынша резидент еместің табысынан ұсталатын есеп;

200.00 нысаны – ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларация;

300.00 нысаны – ҚҚС бойынша декларация;

400.00, 421.00 нысандары  — акциз бойынша декларация; құрылымдық бөлімшелер мен салық салуға жататын объектілер бойынша есеп.

500.00 нысаны – роялти және өндіру бонусы бойынша декларация;

531.00 – нысаны-салық міндеттемесін заттай нысанда орындау туралы декларация (есеп):

 - жер қойнауын пайдаланушылар 531.01-қосымша бойынша 2025 жылдың 1 тоқсанына декларация тапсырады

- алушылар мемлекет атынан 531.02, 531.03 қосымшалары бойынша 2025 жылғы 1 тоқсандағы ағымдағы төлемдердің есебін ұсынады;

560-нысан – егер тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем мөлшері 10 000 АЕК-тен асатын болса, 2025 жылғы 1 тоқсандағы тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлем бойынша декларация;

570.00 нысаны – экспортқа салынатын ренталық салық бойынша декларация;

590.00 нысаны – пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларация;

701.01 нысаны – 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша салық міндеттемелері туындаған немесе өзгерген объектілер бойынша 2025 жылға арналған жер учаскесі және мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу;

710.00 нысаны – ойын бизнесі салығы бойынша декларация;

860.00 нысаны – су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем бойынша декларация;

870.00 нысаны – қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлем бойынша декларация;

880.00 нысаны – цифрлық майнинг үшін төлем бойынша декларация;

913.00 нысаны – бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларация.