Темекі бұйымдарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау 2020 жылғы 1 қазаннан бастап енгізілді және ҚР Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 927 бұйрығымен бекітілген Темекі бұйымдарын таңбалау және қадағалау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Темекі бұйымдарын өткізу кезінде айналымға қатысушы Қағидалардың 46-тармағына сәйкес белгіленген нысан бойынша қабылдау/беру актісін қалыптастырады, оған ЭЦҚ қояды және темекі бұйымдарын өткізудің келесі күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тіркеу нөмірін алу үшін тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесіне (ТТҚ АЖ) жібереді.
Темекі бұйымдарын қабылдауды (растауды) Қағидалардың 48-тармағына сәйкес қабылдау/беру актісі бойынша айналымға қатысушы қабылдау/беру актісі тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады, оған ЭЦҚ қол қойылады және ТТҚ АЖ-ға беріледі.
Айналымға қатысушылардың екеуінен ЭЦҚ қойылған қабылдау/беру актісін алған кезде Оператор ("Қазақтелеком" АҚ) ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелеріне тауарларды қабылдау туралы мәліметтерді береді.
Темекі бұйымдарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау қағидалары бұзылған жағдайда "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 283-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген:
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы