Фискалдық чекті талап етіңіз – құқықтарыңызды қорғаңыз!

Фискалдық чекті талап етіңіз – құқықтарыңызды қорғаңыз!

Құрметті Павлодар облысы өңірінің тұрғындары!

 

Тауарлар мен қызметтер үшін қолма-қол ақшамен, картамен немесе мобильді қосымшалар арқылы төлем жасағанда міндетті түрде фискалдық чекті талап етіңіз!

Бұл сіздің тұтынушы ретіндегі құқықтарыңызды қорғайды және салықтық ашықтықты қамтамасыз етеді.

 

Чек не үшін қажет?

Құқықтарыңызды қорғау. Чек сатып алуды растайды, ол тауарды қайтаруға, айырбастауға немесе шағымдануға мүмкіндік береді.

Адал кәсіпкерлік. Чекті бермеу салықтық бұзушылықты білдіруі мүмкін, бұл ел экономикасына әсер етеді.

Әлеуметтік бағдарламаларды қолдау. Сатудан түсетін салықтар зейнетақы, стипендия, жәрдемақыны қаржыландыруға жұмсалады.

 

Чекті бермеу үшін жауапкершілік

Заңды бұзу үшін 20-дан 40 АЕК-ке дейін айыппұл көзделген.

 

Мұқият болыңыздар!

Егер сізге чек берілмесе, бұл туралы мемлекеттік кірістер органдарына хабарлаңыз.

Чекті талап етіңіз – мүдделеріңізді қорғаңыз және әділ бизнесті қолдаңыз!

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы