Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу бойынша мемлекеттік қызметті «Keden» ақпараттық жүйелеріне іске қосу

Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу бойынша мемлекеттік қызметті  «Keden» ақпараттық жүйелеріне іске қосу

«Keden» кедендік ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті кеден саласындағы мемлекеттік қызметті көрсету, атап айтқанда уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу жөніндегі функционалды пайдалануға енгізеді:

 

2025 жылғы 7 сәуірден бастап аталған мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өтініштерді беру және өңдеу «Keden» АЖ жүзегеде асырылуда.

 

Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ жүйеде тіркеу бойынша нұсқаулықтар порталдағы басты бетте орналастырылған https://keden.kgd.gov.kz, сондай-ақ жеке телеграм чаты жасалған https://t.me/kedenkgdgovkz/45032 – уәкілетті экономикалық операторлар үшін.

 

Өтініштердің мәртебесі туралы хабарламалар алу мүмкіндігі үшін қолданыстағы ұялы телефон нөмірлерін және электрондық пошта мекен-жайларын тіркеу кезінде көрсету қажеттілігіне назар аударамыз.

Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін Қолдау қызметіне хабарласыңыз:

  • +7 7172 73 55 19
  • +7 705 956 53 89
  • e-mail: keden_support@kgd.minfin.gov.kz.
  • Telegram арнасы: https://t.me/kedenkgdgovkz.