2025 жылдың 9 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен барлық көлік түрлерімен тауық жұмыртқаларын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды: 040721) әкелуге 6 ай мерзімге уақытша тыйым салу енгізілді.
Тыйым тауық жұмыртқаларының Қазақстан аумағы арқылы транзитіне, сондай-ақ олардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан біздің еліміздің аумағы арқылы ЕАЭО-ға мүше екінші мемлекеттің аумағына өтуіне қатысты қолданылмайды.
Тауықжұмыртқасынимпорттауғауақытшатыйым көктемгі-жазғыкезеңдеотандық тауар өндірушілерді қолдаумақсатындасалынды.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы