Такси жүргізушілерінің назарына. Такси жүргізушілеріне салық міндеттемелерін қалай орындауға болады?

Такси жүргізушілерінің назарына.  Такси жүргізушілеріне салық міндеттемелерін қалай орындауға болады?

Такси жүргізушілеріне салықтар мен әлеуметтік төлемдер бойынша өз міндеттемелерін мынадай тәсілдердің бірімен орындау мүмкіндігі берілді:

1-әдіс "Яндекс. Такси" төмендетілген мөлшерлеме бойынша 4% (ЖТС 1%, МЗЖ 1%, ӘА 1%, МӘМС 1%);

2 әдіс ең төменгі бір жалақыдан есептеу (МЗЖ-8 500 теңге, ӘА 2 975 теңге, МӘМС -5 950 теңге және табыстан 1% ЖТС);

3әдіс әлеуметтік төлемдердің стандартты ставкаларын қолдана отырып, нақты алынған табыстан есептеу (МЗЖ 10%, ӘА 3,5%, МӘМС -1,4% ЕТЖ-дан 5% және табыстан 1% ЖТС).

 

Әлеуметтік төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау жүргізушінің екі және (немесе) одан да көп ұйымдарда еңбек қызметін жүзеге асыруына қарамастан, оның барлық кірістері (жұмыс орны) бойынша туындайтынына назар аударамыз. Яғни, егер жүргізуші бір уақытта бірнеше платформада жұмыс істесе, онда интернет-платформаның әрбір операторы ЖТС және әлеуметтік төлемдерді жүргізушінің табысынан әр платформа бойынша бөлек ұстап тұруға міндетті.

Салықтар мен әлеуметтік төлемдер бойынша өз міндеттемелерінің орындалуын таңдау "e-salyq Busines"арнайы мобильді қосымшасында жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерін жетілдіруге байланысты салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу келесідей ұсынылады:

- "Яндекс. Такси" ЖТС және әлеуметтік төлемдерді интернет-платформада тіркелген такси жүргізушісінің табысынан 4% мөлшерлемемен ұстайды;

- егер такси жүргізушісі 2-ші немесе 3-ші әдісті таңдаса, онда  ЖТС мен әлеуметтік төлемдер сомасын өзі 1-ші әдіс бойынша "Яндекс. Такси" ұстап қалған сомаларын азайту жолымен есептеп төлеуі тиіс.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы