Оңалту рәсімін жүргізу кезеңінде санация: міндеттеме, мерзім, жауапкершілік

Оңалту рәсімін жүргізу кезеңінде санация: міндеттеме, мерзім, жауапкершілік

Оңалту рәсімі шеңберінде төлемге қабілетсіз кәсіпорындарды қаржылық-экономикалық сауықтыру бойынша жұмыс жүзеге асырылады. Оңалту рәсімінің арқасында төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге және уақытша қаржылық қиындықтарға тап болған кәсіпорынның қызметін жалғастыруға мүмкіндік бар.

Оңалту шаралары борышкер мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген орган), кредиторлар немесе өзге де тұлғалар борышкерге қаржылық көмек көрсететін, сондай-ақ борышкердің резервтерін жұмылдыру және оның қаржылық-шаруашылық жағдайын жақсарту жөніндегі өзге де шаралар кешенін іске асыратын санацияны қоса алғанда, кез келген ұйымдастырушылық-шаруашылық, техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтық іс-шараларды қамтуы мүмкін.

Санацияға бір немесе одан да көп адам қатыса алады, яғни егер борышкерді оңалту шарасы ретінде оңалту жоспары оның санациясын қамтыса, жоспарға сомасы мен мерзімдерін көрсете отырып, оңалту жоспарына сәйкес борышкерге және (немесе) кредиторларға ақша аударуға қатысушының жазбаша міндеттемесі қоса берілуге тиіс.

Егер санацияға кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз етуге міндеттеме алған екі немесе одан да көп адам қатысса, олар арасында кредиторлар алдындағы жауапкершілікті бөлуді, санацияға бір немесе бірнеше қатысушының ол басталғаннан кейін санацияға қатысудан бас тартқан жағдайда жауаптылығын, борышкерді басқаруға қатысу тәртібін көздейтін келісім жасасуға тиіс.

Өзіне міндеттеме қабылдаған санацияға қатысушы, егер санация мақсаттарына еңсерілмейтін күштің немесе кредиторлардың не борышкердің, борышкердің (ол уәкілеттік берген органның) мүлкінің меншік иесінің әрекеттері нәтижесінде қол жеткізілмегенін дәлелдемесе, ол таратылғаннан кейін борышкердің өтелмеген міндеттемелері бойынша субсидиарлық жауаптылықта болады.

Санацияға екі немесе одан да көп адам қатысқан кезде, Егер келісімде өзгеше көзделмесе, олар жауапкершілікті бірлесіп көтереді.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

дәрменсіз борышкерлермен жұмыс бойынша басқармасы