
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өңір тұрғындарына 2026 жылғы 1 қазанда 2025 жылға арналған жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталатынын еске салады.
Павлодар облысы бойынша 260 мыңнан астам тұрғынға 346,6 млн теңгеге жуық мүлік салығы есептелген. Бүгінгі таңда бюджетке 331,0 млн теңгеден астам қаражат түсті. Сонымен қатар, өңірдің 30 мыңнан астам тұрғынының өткен кезеңдер үшін жалпы сомасы 42 млн теңге берешегі бар.
Есептелген салық сомасын келесі тәсілдермен білуге болады:
- Мобильді қосымшалар: «e-Salyq Azamat» қосымшасы («Алдағы төлемдер сервисі» бөлімі), сондай-ақ банктердің мобильді қосымшалары («Halyk Bank», «Kaspi.kz», Банк ЦентрКредит, Freedom Bank және т.б. ЖСН арқылы «Барлық төлемдер» → «Салықтар» → «Мүлік салығы» бөлімінде).
- МКД ресми порталы: kgd.gov.kz сайтында «Сервистер» → «Алдағы төлемдер және ЖТ берешегі» бөлімінде.
- Telegram-бот: SalyqBot чат-боты арқылы.
- Байланыс орталығы: 1414 бірыңғай нөмірі бойынша немесе тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына жеке жүгіну арқылы.
Салық төлеу жылжымайтын мүлік (салық салу объектісі) орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады. Төлемді банктердің мобильді қосымшалары, банкоматтар және касса бөлімшелері арқылы жүргізуге болады.
Төлем жасау кезінде келесі деректемелерді көрсету қажет:
- БСК (Бюджеттік сыныптама коды): 104102
- ТБК (Төлем белгілеу коды): 911 (өсімпұл төлеу кезінде ТЖК 912 қолданылады).
Белгіленген мерзімде салық төленбеген жағдайда салық берешегі туындап, келесі шаралар қолданылады:
ЖСО мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады: банк шоттары мен мүлікке тыйым салу, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеу қою. Бұдан бөлек, борышкер сот шығындары мен ЖСО қызметін (берешек сомасының 25%-ына дейін) төлеуге мәжбүр болады.
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өңір тұрғындарынан төлемді соңғы күнге қалдырмай, салық міндеттемелерін уақытылы орындауды өтінеді!
#Заң_мен_тәртіп#Закон_и_порядок
Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы
және Байланыс-орталығы басқармасы