
Құрметті салық төлеушілер!
2026 жылдың 5 қаңтарында басталған «Халық бухгалтері» республикалық акциясы өз мәресіне жетіп келе жатқанын хабарлаймыз. Маусым – білікті мамандардан тегін кеңес алуға мүмкіндік беретін соңғы ай.
Егер салық салу мәселелері бойынша сұрақтарыңыз болса, сіздерді қорытынды кеңестерге шақырамыз.
Уақыты: Әр сейсенбі және бейсенбі күндері, сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін.
Форматы: Офлайн, мемлекеттік кірістер басқармаларының базасында.
Кеңесті кімдер өткізеді? Сіздерге «Қазақстанның бухгалтерлері мен бухгалтерлік ұйымдарының одағы» кәсіби ұйымының мүшелері, сондай-ақ Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалалары мен аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларының мамандары кеңес береді. Біздің сарапшыларымыз жаңа Салық заңнамасының нормаларын түсінуге көмектесуге дайын.
Құрметті салық төлеушілер! Кәсіби кеңес алу және салықтық сауаттылығыңызды арттыру мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар. Сіздерді күтеміз!
Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы
және Байланыс-орталығы басқармасы