Павлодар облысы бойынша МКД мамандары вице-министрдің бизнес-қоғамдастықпен кездесуіне қатысты

Павлодар облысы бойынша МКД мамандары вице-министрдің бизнес-қоғамдастықпен кездесуіне қатысты

Достық үйінде Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағнаевтың өңір кәсіпкерлерімен кездесуі өтті. Іс-шараға Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары, сондай-ақ «Атамекен» палатасы мен бейінді ведомстволардың өкілдері белсенді қатысты.

Талқылаудың басты тақырыптары мемлекеттік қолдау шаралары, жеңілдетілген қаржыландыру және әкімшілік кедергілерді төмендету болды.

Мемлекет пен бизнестің ашық өзара іс-қимылына ерекше назар аударылды. Кездесу барысында салықтық әкімшілендіру, ауыл кәсіпкерлігін дамыту және сауда салаларындағы өзекті мәселелер көтерілді.

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы

және Байланыс-орталығы басқармасы