«Халық бухгалтері» акциясы жалғасуда

«Халық бухгалтері» акциясы жалғасуда

Құрметті салық төлеушілер!

2026 жылғы 5 қаңтарда басталған республикалық акция сіздер үшін белсенді жұмыс істеуде. Егер сізде салыққа қатысты сұрақтар жиналып қалса, сіздерді тегін кеңес алуға күтеміз!

Қашан: Аптасына екі рет – сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін.

Форматы: Офлайн, мемлекеттік кірістер басқармаларының (МКБ) базасында.

Кеңесті кімдер береді?

«Қазақстан бухгалтерлері мен бухгалтерлік ұйымдар одағы» кәсіби ұйымының мүшелері. Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларындағы МКБ мамандары. Аудандық басқармаларда сіздерді жаңа Салық кодексінің нормаларын түсінуге көмектесетін жауапты мамандар күтеді.

Құрметті салық төлеушілер! Сіздерді тегін кәсіби бетпе-бет кеңес алудың және салық сауаттылығыңызды арттырудың тамаша мүмкіндігін пайдалануға шақырамыз.

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы

және Байланыс-орталығы басқармасы